Бүгін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен аумақтағы азаматтарға гуманитарлық көмек жіберді.
Бір аптаға жуық жиналған заттардың арасында азық-түлік, төсек-орыннан бөлек, гигиеналық заттар да бар. Еріктілердің айтуынша, жүк тиелген көлік Петропавл қаласына 1-2 күнде жетіп қалады. Табиғат апатына байланысты көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударған азаматтар да көп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу