Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған

691

Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілетеме жасап.

Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған Фото: polisia.kz

"Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Құйған ауылдық округіне қарасты Қызыл ту өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Оның рұқсат құжаттарынсыз шаяндарды тасымалдағаны анықталған. Көлікте салмағы 364 келдіен асатын 6320-ға жуық тірі шаян бар екені анықталды.

"Көлікте жалпы салмағы 364 келіден асатын 6 320 шаян тірідей табылды. Осының салдарынан табиғатқа 2 014 000 теңге мөлшерінде залал келтірілген. Тергеу барысында көлік жүргізушісі шаянды бейтаныс бес ер адамнан сатып алғанын айтты. Кейін оны күйеу баласының көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған", – дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу