Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді кешенді оқытуды қарастыратын, аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұзақ мерзімді даму жоспары әзірленуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Бұл жерде – онкология, кардиология, ана мен бала денсаулығы сияқты басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған іс-шара жергілікті бюджет қаражаты есебінен үш жыл мерзім ішінде шетелде мен мемлекет ішінде жоғары деңгейдегі дәрігерлерді дайындауға мүмкіндік туғызады.
"Еуропаның үздік клиникаларында білім деңгейін көтерген мамандар, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, сапалы медициналық көмекті көрсетумен қатар, өз әріптестерін үйрету қажет", – деп атап өтті Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат жиналасында.
Сонымен қатар ауруханалар онкологиялық, қан айналымы жүйесі және ана мен бала аурулардын алдын алу мен емдеуге арналган озық қондырғылармен жабдықталатын болады. Ол үшін аймақта 6 миллиард тенге қарастырылған.