Басты себеп – өтінім мен жер заңнамасының нормаларын дұрыс түсінбеу.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы марал, ірі және ұсақ қара мал өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан "ALMAS UK" серіктестігінің мәселесін шешуге көмектесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Инвестор жерді жалға алуға өтінім берген, алайда Жер ресурстарын басқару комитеті оны қате түрде жеке меншікке беру туралы өтінім ретінде қарап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге тыйым салынғанын алға тартып, бас тартқан", - делінген ШҚО прокуратурасы таратқан хабарламада.
Іске прокурорлар араласқаннан кейін кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, оған 3,2 мың гектар жер учаскесі жалға берілді.
Бұл инвесторға 500 миллион теңгеден астам қаржы құюға және 30 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.