Шығыс Қазақстан тұрғыны 3 жыл бойы екі елдің азаматтығымен өмір сүрген

207

Глубокое ауданында 63 жастағы әйел 2023 жылдың шілдесінде өзге елдің азаматтығын алған.

Шығыс Қазақстан тұрғыны 3 жыл бойы екі елдің азаматтығымен өмір сүрген Фото: gov.kz

Бірақ ол туралы дер кезінде жауапты органдарға хабарламаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, зейнеткер үш жыл бойы екі елдің азаматтығымен өмір сүрген.

"Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 650-ден аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардан бөлек, тағы 48 адам тиісті талаптарды бұзғаны үшін жазаланды", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу