Шығыс Қазақстан ұстаздары іссапар төлемдерінен қағылған

155

ШҚО-да 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген. Қарыздың жалпы сомасы 28 миллион теңгеден асады.  

Шығыс Қазақстан ұстаздары іссапар төлемдерінен қағылған Фото: diapazon.kz

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған",  делінген хабарламада.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде қайтарылды.

"Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу