Есiрткi мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шарасы оң нәтиже көрсетті деп хабарлайды inbusiness.kz ресми өкілдің сөзіне сілтеме жасап.
"Дәрмек" арнайы операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Оның ішінде 38-і өткізу, 15-і аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау факті болды. Шара шеңберінде 3 контрабандалық әрекет әшкереленді. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғынын ұстап, үйіне тінту жүргізген кезде 10 келіге жуық гашиш тауып алды. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Нұрділдә Ораз.
Қанат Махамбет