Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында ірі дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 шілде сағат 17.05-те Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы тауда 20 гектарға жайылған өрт сөндірілді.
Жалын адам аяғы жетуі қиын таулы, жартасты жерде тұтанғандықтан, оны сөндіру қиындық туғызды.
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және авиабөлімшелердің бірлескен күшінің арқасында өрт толық сөндірілді.
Тілсіз жаумен күреске 250-ден астам адам, 26 техника, "Қазавиақұтқару" АҚ, Қорғаныс министрлігі, ШҚО әуе бөлімшесінің, "Қазәуеорманкүзетінің" 5 тікұшағы жұмылдырылды.
Су төгетін құрылғылардың көмегімен өрт ошақтарына 125 мәрте су төгілді.