Шығыста марал саны жаңа технологиямен көбейтілетін болады

1222

Шығыста марал саны жаңа технологиямен көбейтілетін болады

Шығыс Қазақстан облысының шаруашылықтарында қытайлық зерттеуші ғалым қолдан ұрықтандырудың озық тәсілдерін үйретуде, деп хабарлады khabar.kz.

Бұл жұмыстар "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының марал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.  Бұрын елімізде қолданылмаған бұл тәсіл көрсеткішті 2 есе арттырды. 100 бас аналықтан 80-90-ға дейін төл алуға болады.  Облыста бүгінде 18 шаруашылықта 10 мыңнан астам марал өсіріледі. Оның мүйізі мен қанынан дәрі-дәрмек жасалады.

"Бұған дейін Жаңа Зеландия, Корея, Тайвань сияқты мемлекеттерде шеберлік сабақтарын өткіздім. Шығыс Қазақстандағы Алтай маралдарының ірілігі және жайылымдық шөптердің сапасы таң қалдырды", – дейді Қытайдан келген марал шаруашылығын зерттеуші ғалым Чан Шау Мин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу