Шығыстағы бүтін бір ауыл халқы иесіз иттерден қорқып жүр

397

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының халқы қаңғыбас иттерден әбден зардап шектік деп отыр.

Шығыстағы бүтін бір ауыл халқы иесіз иттерден қорқып жүр Фото: Александр Плонский / «ВиЖ»

Көше кезген төрт аяқтылар әсіресе, мектеп оқушылары үшін қорқынышқа айналған. Таңертең және кешкі уақыттарда ауылдың онсыз да жарығы жоқ қараңғы көшелерінде жүрулері қиындап кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Степное ауылының тұрғындары қаңғыбас иттердің көзін жоюды талай жылдан бері талап етіп келген. Айтатындары әлі де сол. Ауыл ішіне үрей әкелген иттерден құтылсақ  дейді. Әсіресе ата-аналар мектепке баратын балалары үшін қатты алаңдайды.

"Кешке тағы жаттығулары бар. Соған апару үшін бәріміз жаяу-жалпы қараңғыда соларды апарып әкелеміз. Ит деген қаптап жүреді. Бұл жерде баланы да жеп қойды ғой. Алдыңғы жылдары. Бір баланы", - дейді Степное ауылының тұрғыны Мырзахмет Жұмағұлов.

Бұл қайғылы оқиға бұдан біраз жыл бұрын болған. Одан кейін де итке таланған адамдар бар. Абырой болғанда олардың денесі талқандалып, өздері дін аман қалған.

Степной ауылының орталық көшесі. Үлкен жолдың бойы. Бұл жолда көлік те адам да көп жүреді. Жол жиегінде мектеп те орналасқан. Осы орталықтың өзінде әсіресе, таңертең-кешке қаңғыбас иттер көп жиналады екен.

Ауыл әкімі жыл басынан бері 85 итті ұстағандарын айтты. Қаңғыбас иттерді ұстап әкетушілерді шақыру үшін жиырма бес рет өтініш беріпті. Бірақ бұрынғы заң өзгеріп, иттерді атуға тиым салынғаннан бері жағдай тіпті қиындады  дейді. 

"Жаңа заң шыққаннан кейін бұрын иттерді у дротигімен атып жоятынбыз. Ал қазір иттерді атуға болмайды. Міндетті түрде тек қана ұстауға болады. Сондықтан КГП Ветеринария жұмыскерлері келген кезде өте қиындық болады. Иттерді ұстауға", - деді Ушанов ауылдық округінің әкімі Ерік Құмаров.

Әкімнің айтуынша, тағы бір мәселе бар. Кейбір адамдар қыс келсе болды, байлаудағы итін босатып жібереді. Мойнында қарғыбау болғандықтан заң бойынша ешкім тиісе алмайды. Ондайлар да кезбелер санын көбейтіп тұр. айта кетейік, иесіз иттер облыс орталығы Өскеменнің көшесінде де толып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу