Шығыстағы дәрігерлер ота жасау үшін кезек күтеді

270

Шығыстағы дәрігерлер тар ғимаратқа тығылып жұмыс істеуге мәжбүр.  

Шығыстағы дәрігерлер ота жасау үшін кезек күтеді Фото: freepik.com

Нақтыласақ, риддерлік ақ халаттылардың әсіресе, ота жасау үшін кезек күтуден басқа амалдары қалмаған, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Қабылдау бөлмесіне келетін науқастар да қысылып-қымтырылып әлек. Өйткені, хирургиядан бөлек травматология, реанимация мен гинекология және перзентхана бір ғимаратта орналасқан. Орын жетіспегендіктен санитарлық талап бұзылуда. Себебі, палаталарда жатқан адам саны да артық. Өңірдегі денсаулық саласының бұл мәселесі қалай және қашан шешіледі?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу