Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
2021 жылдың желтоқсанында аталмыш ГЭС-тер араб инвесторларына сатылады делінген болатын. Бұған елдегі сарапшылар наразы болып, тұрғындар петиция жариялады. Кейінірек Қазақстан мен БІріккен Араб Әмірліктері үкіметтерінің арасындағы "басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы” бірлескен декларациясын ратификациялау туралы заң жобасы Мәжілістен алынып тасталғаны мәлім болды.
Былтыр 19 наурызда Энергетика министрлігі Өскемен және Шүлбі ГЭС-тері жекешелендірілмейтінін және сатылмайтынын хабарлады.
Кәсіпорындардың "Самұрық-Қазына" қорына Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін берілуі мүмкін екені биыл қаңтарда айтылған болатын.