Жаңа баспанаға осыған дейін үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қоныстанды.
Сонымен қатар қаладағы мұғалім және дәрігер қызметіндегі жас мамандар да пәтер кілтіне ие болды. Бұл күні студенттер де қуанышқа кенелді. Бір жылдың ішінде тұрғызылған 5 қабатты жатақхананың құрылысы аяқталып, колледж оқушыларына салтанатты түрде табысталды.
Бұл игі істің бәрі де осы өңірде табысты еңбек еткен құрылыс компанияларының арқасында, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жүзеге асып жатыр. Жергілікті жердегі тұрғындардың қуанышына арнайы жұмыс сапармен барған облыс әкімі Даниал Ахметов ортақтасып, пәтер кілттерін табыстап, қуаныш иелерін жаңа жылдарымен құттықтады.