Шығыстары ресми табысынан асатын лауазымды тұлғаларға мансаптық жаза қолданылмақ

1103

Мәжілісте аталған шектеулерді қарастыратын заң жобасы талқыланды.  

Шығыстары ресми табысынан асатын лауазымды тұлғаларға мансаптық жаза қолданылмақ

Мәжіліс депутаттары шығыстары ресми табыстарынан асатын лауазымды тұлғаларға мансаптық жаза қолдануды қарастыратын заң жобасын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген тұлғалар мен отбасыларының шығыстарының кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізілмек. Сонымен қатар фискалдық және мансаптық санкциялар белгілеу қарастырылған.

"Елеулі сәйкессіздіктер үшін санкциялар қолданылады. Егер шығыстар мен кірістер арасындағы алшақтық сомасы 1000 АЕК-тен (3 млн теңге) асса, мемлекеттік қызметшіге сәйкессіздік сомасының 90%-ы көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Бірақ әрбір жағдайда шығыстардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Егер шығыстар мен кірістер арасындағы алшақтық сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық табысынан асатын болса, ал ол бұл жайтты түсіндіре алмаса теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылады", – деді Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдаудың маңызды кезеңі жалпыға бірдей декларация болады.

Айта кетейік, қазақстандық мемлекеттік қызметшілер 2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аясында активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға тиіс болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу