2023 жылғы 1 шілдеден 20 шілде аралығында "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын және қызметтік иттерді пайдалана отырып, декларациясы жоқ жеке тұлғалардың жалпы сомасы 40,2 мың АҚШ доллары, 17 788 мың теңге және 60,0 мың юаньға ақша қаражатын тасымалдау әрекеттерінің 5 фактісі анықтады, деп жазады Inbusiness.kz.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 343 - бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы оларды ЕАЭО кедендік аумағына біржолғы әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан біржолғы әкету кезінде кеден органына жолаушылар кедендік декларациясын берген күні қолданылып жүрген валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларынан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, әкімшілік материалдар жинақталды.
Облыс бойынша МКД "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес 10 000 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.