Шыққанына 20 жылдан асқан ескі көліктер негізінен Алматы облысы, Алматы мен Қарағандыда көп

634

2022 жылғы қазанда 106,3 мың автокөлік есепке қойылды.

Шыққанына 20 жылдан асқан ескі көліктер негізінен Алматы облысы, Алматы мен Қарағандыда көп

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%, жүк автомобильдері – 46,3% артты, автобустар – 9,1% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статбюро мәліметіне сенсек, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны - 4 389,2 мың.

Оның ішінде 87,6% - жеңіл автомобильдер, 10,4% - жүк автомобильдері және 2% - автобустар.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада жеке тұлғаларының меншігінде 3 634,4 мың жеңіл автокөлік бар.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,7 мың), Алматы қаласының (433,1 мың) және Шығыс Қазақстан облысының (272,5 мың) тұрғындарына тиесілі.

20 жыл бұрын шыққан жеңіл автомобильдер Алматы облысы (318,2 мың), Алматы қаласы (177 мың) және Қарағанды облысында (155,7 мың) басым.

Одан жаңалау және шыққан жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (43,4 мың), Астана қалаларының (39,9 мың) және Қарағанды облысының (16,5 мың) еншісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу