Шым қаладағы шыны аялдамаларды жөндеу үшін 25 млн теңге керек

792

 Бұл аялдамалар Шымкентте осыдан екі жыл бұрын пайда болған.

Шым қаладағы шыны аялдамаларды жөндеу үшін 25 млн теңге керек Фото: Otyrar.kz

Қалада бір жыл бұрын бой көтерген заманауи тұрақтар қайта қалпына келтірілгелі жатыр. Ол үшін бюджеттен тағы қаржы сұралды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Елдегі өзге мегаполистерден үлгі алған жерлестеріміз шыны аялдаманың әрқайсысын 800 мың теңгеден соққан болатын.

Шыны аялдамалар осыдан екі жыл бұрын Шымкентте де пайда болған. Бірақ автобус күтетін орындардың бүгінгі сиқы мынау. Бар жоғы үш бөлік шыныдан қойылған аялдамалар шытынап сынып жатыр.

Қала бойынша барлығы 1800 аялдама бар. Олардың 93 -і шыныдан жасалған. Әрқайсысы 800 мың теңгеден тұратын аялдамаға барлығы 1 млрд  теңгеге жуық қаржы бөлінген. Енді оларды қалпына келтіру үшін қайтадан 25 млн теңге сұралып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша барлығы 3 түрлі аялдама орнатылған. Заманауи аялдамалар тек қала орталығында қондырылса, темірден жасалғандары шаһардың сыртқы бөлігінде. Солардың бірі жақында ғана қызыл жалынға оранған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу