Алматының үш туристік нысаны 2026 жылғы The Worldworthy 100 халықаралық рейтингіне енді. Shymbulak аспалы жолы әлемдегі үздік аспалы жолдар тізімінде 9-орын алса, Кімасар және Бұтақты шатқалдары үздік жаяу серуендеу бағыттарының қатарына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейтингте Кімасар шатқалы 56-орынға, ал Бұтақты шатқалы 79-орынға жайғасты. Үш нысан да рейтинг лауреатының сертификатын иеленді.
Алматы әкімдігінің ресми арнасы
The Worldworthy 100 рейтингі саяхатшылардың пікірлері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен туристік жолсілтемелердің ұсынымдары негізінде жасалады.
Алматының таулы бағыттарына туристердің қызығушылығы артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-қазан айларында Іле Алатауы ұлттық саябағына 1,6 миллионнан астам адам барған.
Mastercard деректеріне сәйкес, 2025 жылы шетелдік туристердің Алматыдағы туристік нысандарға жасаған сапарларының 30,62%-ы Shymbulak үлесіне тиген.
Бұған қоса, аспалы жолдар салу мен қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейтін Алматы тау кластері жобасы өңірдегі тау туризмін дамытуға ықпал етпек.