Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойды – ТЖД-ның арнайы операциясы

104

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу сәтті өтті.

Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойды – ТЖД-ның арнайы операциясы Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында аспалы жолында кабиналарда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сценарий бойынша демалушылар электр қуатының үзілуіне байланысты, аспалы жолда қалып қойды.12 метр биіктікте тұрып қалған кабинада төрт адам болған. Туристерді үсік шалып, олар өз бетінше әрекет жасай алмады.

"Үш бөлімшенің құтқарушыларына бір сағаттың ішінде бірден үш кабинанының ішінен эвакуациялауды жүргізу сияқты қиын тапсырма берілді. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы оларды қауіпсіз тасымалдау", – деп атап өтті ТЖД.

Құтқарушылар қойылған тапсырманы 30 минутта орындап шықты. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, әкімшіліктің 109 "Құтқару қызметі" МКҚК, "Шымбұлақ" ТШК шаңғы патрулі – үш бөлімшенің штатында көптеген адам өмірін құтқарған тәжірибелі альпинист-құтқарушылар қызмет етеді.

Айта кетейік, қаланың 8 ауданында 3 оқу орнында қысқы кезеңінде дер кезінде Төтенше жағдайға ден қоюға арналған практикалық іс-шара пысықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу