Шымбұлақ тау-шаңғы курорты шетелдік туристерден bed tax салығын ала бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы шипажайдың бас директоры Ринат Әбдірахманов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
"Қазақстанда 1 қаңтардан бастап шетелдік туристерге тұру құнының 1-5%-ы көлемінде bed tax салығы төленеді. Біз алға жылжып келеміз, көштен қалмауға тырысамыз. Бұл шара туристік инфрақұрылымды құрудағы нақты олқылықтарды жоюға бағытталады деп күтеміз", - деп жазды Ринат Әбдірахманов.
Оның айтуынша, Шымбұлаққа мыңдаған туристер келеді, оның ішінде шетелдіктердің саны да күн сайын артуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу