Шымбұлақ маңында қар көшкіні астында қалған адам құтқарылды

133

Алматы тауларында сырғанаған 2 фрирайдер қар көшкініне ұшырады, олардың бірі қалың қар астында қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымбұлақ маңында қар көшкіні астында қалған адам құтқарылды Фото: canva

"Шымбұлақ" мәліметінше, кеше курорт аумағынан тыс "Чимбулачка" өзені маңында, екі фрирайдер сырғанауға шыққан. Олардың әрекетінен қар көшкініні болып, райдерлердің бірі қалың қар астында қалған.

– Екінші райдер абдырап қалмай, бірден курорттың аспалы жол операторына хабар берген. Ақпарат дереу курорттың Жедел әрекет ету орталығына жеткізілді. Ski Patrol Shymbulak құтқарушылары оқиға орнына шұғыл аттанды. Бақытымызға орай, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды, – деп хабарлады курорттан.

Құтқарушылар мен курорт әкімшілігі фрирайд – тек еркіндік пен адреналин емес, үлкен жауапкершілік екенін ескертеді. Арнайы жолдардан тыс аймаққа шықпас бұрын ескерту белгілерін мұқият қарап, қар көшкіні қаупін бағалау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу