Көлік жүктемесі мен қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылғы 8 сәуірдегі №2/122 "Алматы қаласының кейбір аумақтарына көліктің кіруін шектеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өзгерістер 2023 жылдың 1 сәуірінен күшіне енеді.
"Электрлік қозғалтқыш автокөліктері (электромобиль) мен шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтер мен арнайы техникадан басқа көліктердің барлығына тау шаңғы курорты аумағына кіруге шектеу қойылады. Қолданылған шаралар көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін болады",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Медеу" МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және соларға қызмет көрсететін көліктерге шектеу осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап енгізіледі.