Ол таудың ауасымен дем алуға бел буып, Шымбұлақ шатқалына көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаланың ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда сағат 19:00 шамасында 102 қызмет пультіне жас жігіт қоңырау шалып, тауда жүргенде сайға құлап, өздігінен шыға алмағанын хабарлады.
Жас жігіт телефонында батарея заряды таусылатынын түсіндіріп, геолокациясын жіберді.
"Дабылды хабарламаға бірінші болып полицияның аға лейтенанты Әнуар Қашыбаев жауап берді. Біз аға учаскелік инспектор Дархан Саримен бірге іздеуге шықтық. Жігітті іздеуге нашар көріну кедергі болды, сондықтан көбінесе дыбыстарға назар аудардық", деді учаскелік инспектор Асхат Рысбеков.
Тәртіп сақшылары жәбірленушіні құтқарып, ауруханаға жеткізді.