"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты туристер үшін уақытша жабылды

511

24 шілдеде санитариялық күнді өткізуге байланысты демалыс орны жабық болады.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты туристер үшін уақытша жабылды Фото: іnstagram/shymbulakmountainresort

Бұл туралы Шымбұлақ тау курортының Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"21 шілде күні Тұйық-Су Альпі лагері аймағында Шағын Алматы өзенінде табиғи апат – сел жүріп, жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің қирауына және су тарту жүйесінің істен шығуына әкелді. Салдарынан Шымбұлаққа су беру тоқтатылды. Мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - деп жазылған хабарламада.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа температурасының көтерілуіне және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, ішуге жарамсыз лас судың пайда болуына әкеп соғуда.

Алматы тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу