Шымбұлаққа демалуға келген шетелдік туристер төбелес шығарды

222

Оқиғаға қатысы бар 5 адам ұсталды. 

Шымбұлаққа демалуға келген шетелдік туристер төбелес шығарды Фото: gov.kz

Шымбұлақ тау-шаңғы курортына демалуға барған шетелдік туристер төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде төбелестің бейнежазбасы тарады. Оқиға  1 ақпан күні болған.

Тау-шаңғы курортының әкімшілігі болған оқиға қатысты пікір білдірді.   Ақпаратқа сәйкес, мас күйде болған шетелдік туристер тау шаңғы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан.

"Жанжалды курорттың қауіпсіздік қызметі тоқтатты. Құқықбұзушылар полицейлерге тапсырылды. Аталмыш оқиғаға қатысты ішкі тексеру жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", – деп хабарлады "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі.

Кешкі сағат 19.17-де тау шаңғы мектебінің кассирі пластикалық карталарды толтыру үшін жұмыс орнынан уақытша кетіп қалған. Масаң күйде болған қонақтардың бірі қызмет көрсету уақытының ұзақтығына байланысты ашуланған. Касса аймағында болған басқа қызметкер мән-жайды түсіндірмек болып, кассирді күту қажеттігін айтады. Шетелдік қонақтар тау-шаңғы курортының қызметкерлеріне шабуыл жасаған. 

Полиция 5 адамның ұсталғанын хабарлады. Бұл дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу