"Шымбұлақта" Әлем кубогы кезеңінің екінші күнгі жарыстары өтпейтін болды

643

Екінші күні Қазақстан командасы құрамында Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романов өнер көрсетуге тиіс еді.

"Шымбұлақта" Әлем кубогы кезеңінің екінші күнгі жарыстары өтпейтін болды

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінің екінші күнгі жарыстары өтпейтін болды. Оған себеп қалың тұман және көру мүмкіндігінің нашарлауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, Әлем кубогының соңғы кезеңінде параллельді могул бойынша спортшылар жарыс жолына шыққан жоқ. Екінші күні Қазақстан командасы құрамында Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романов өнер көрсетуге тиіс еді.

Ережеге сәйкес, ауа райы жағдайы нашар болса, Әлем кубогы есебінде үздік 16 спортшы арасында жаңадан жеребе тартылады. Алайда күн  райының қолайсыздығына байланысты ұйымдастырушылар жарысты мүлдем тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, кеше турнирдің алғашқы күні спортшылар могулдың жекелей сынында бақ сынаған болатын.

Еске салсақ, Қазақстанда фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңіне тұңғыш рет өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу