Алғашқы күндері нысан техникалық режимде жұмыс істейді.
Курорттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге шаңғышыларға "Ақ Барыс", "Белый Мишка" оқу трассалары мен "Профессор" трассасының төменгі бөлігі қолжетімді болады.
Ал жоғарғы трассалардың қашан ашылатыны ауа райына және қар жамылғысының жағдайына байланысты шешіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы таулары халықаралық The Worldworthy 100 рейтингіне еніп, бірнеше бағыт бойынша жоғары бағаланған еді.
Атап айтқанда, Шымбұлақтың аспалы жолы әлемдегі үздік аспалы жолдар арасында 9-орынға ие болды. Ал Кімасар шатқалы үздік 100 жаяу серуендеу бағытының ішінде 56-орынға, Бұтақты шатқалы 79-орынға жайғасты.