Шымбұлақта жаңа сноупарк салынады

1618

"Шымбұлақта" шаңғы тебу маусымы ашылды.

Шымбұлақта жаңа сноупарк салынады

Тау-шаңғы курортының басшылығы сырғанау маусымы үшін биыл төменгі  жағы мөлдір әйнекпен қапталған кабиналар дайындапты. Табиғатты тамашалауға арналған қаладағы ең биік алаң 3200 метр биіктікте орналасқан, деп хабарлайды almaty.tv.  

Едені әйнектен жасалған жаңа фуникулерға кірсеңіз, әсері ерекше. Ағаштар мен шыршалар төмен жақта жүзіп бара жатқандай күйге бөлейді. Айналаны 360 градуста тамашалауға болады. Әзірге мұндай кабинаның тек 5-еуі ғана бар. Олар Медеу-Шымбұлақ бағытында жүреді.

"Біз биыл шаңғы тебуге келушілерге жайлы болуы үшін ертерек ашылдық. Сырғанауға келетін адамдар саны тым көбейіп кетсе жарақат алу жағы жиілейді әрі кезекте көп тұратын болады. Ерте ашылғанымыздың арқасында бір маусымда келетіндер саны бөлініп, сырғанауға қолайлы жағдай туды. Техникалық жағын айтсақ, биыл жауын-шашынға қарамастан жасанды қар шығаратын 40-қа жуық қар зеңбірегін іске қостық. Соның арқасында "Шымбұлақты" маусымның басталуына қажетті қармен  қамтамасыз еттік", – деді "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының директоры Ержан Еркінбаев.

Келушілер үшін тағы бір жағымды жаңалық – әжетхананың салынуы. Мұнда ешқандай кәріз жүйелері болмағандықтан, 3200 метр биіктікте дәретхана орнату- күрмеуі қиын мәселе еді. Сондықтан, курорт басшылығы ағынды сулар арқылы жұмыс істейтін тазарту қондырғылары бар заманауи дәретхана сатып алған.

"Осы маусымда Талғар өткелінде айналаны биіктен көруге арналған алаңдар жөндеуден өтеді. Бұл қаладағы ең биік алаң болмақ және ол курортқа келіп, қаланың әдемі көрінісін тамашалаймын деушілер қатарын көбейтеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, биыл жаңа сноупарк салынады. Шаңғы тебуді жаңадан үйреніп жүргендер үшін қосымша трасса саламыз", – деді "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының маркетинг бойынша директоры Владислав Семенов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу