"Шымбұлақ" тау курортының қызметкерлері Avalauncher қондырғысының көмегімен тауларда қарды түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Школьник" учаскесі бойынша қондырғы 3 рет атып, жасанды қар көшкініне себеп болды. Нәтижесінде учаскенің оңтүстік-шығыс экспозициясында 7.000 м³, солтүстік экспозициясында 11.000 мЗ қар түсті. Көшкін түскен орында арнайы техника тазалау жұмыстарын істеді.
Сондай-ақ "Эдельвейс" учаскесінде 1 рет атылып, онда 25.000 м³ көшкін түсті.
"Трассадан тыс сырғанаудың көшкін және жарақат алу сияқты тәуекелдері бар екенін еске саламыз. Абай болыңыздар, белгіленген трассалардың аясында ғана сырғанаңыздар", - деп хабарлады тау курортынан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу