Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады

241

Барлық аспалы жолдар 1 қарашадан бастап қайта жұмыс істейді. 

Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады Фото: informburo.kz

Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы аспалы жолдар 12 қазаннан бастап жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, көтергіштер профилактикалық жұмыстардан өтіп, жаңа маусымға дайындалады.

Жабылу мерзімі:

  • M1 "Медеу – Шымбұлақ" – 19 қазаннан;
  • K-1 – 19 қазаннан;
  • K-2 – 19 қазаннан;
  • KKD-4 – 12 қазаннан.

Барлық аспалы жолдар 1 қарашадан бастап қайта жұмыс істейді.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты Шымбұлақ шатқалындағы автожол 30 қарашаға дейін жабық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу