"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортындп қар көшкіні жүріп, оқыс оқиға салдарынан келуші көз жұмды, деп жазды inbusiness.kz кешеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келуші шаңғы мен төмен түсіп келе жатқан кезде қар көшкінін тоқтататын техникамен соқтығысқан, оқиға 10 наурыз сағат 10.58-де орын алған.
Курорттың құтқарушыларына Комби-2-нің сегізінші бағанының үстіндегі аумақта қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 11.02-де жеткен.
"Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11.05-те шаңғышының денесі табылды. Келуші шаңғы тебуге рұқсат етілген аумақтан шығып, жоғары көтерілген. Ер адамның қажетті құрал-жабдықтары болмаған", – деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.
Бұл ретте ТЖД оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.