Өрт туралы хабар "101" басқару пультіне 26 тамызда түнгі сағат 00.49-да түскен. Өрт сөндіру бөлімдері Әл-Фараби ауданы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан "Шымқала" этноауыл аумағына 7 минутта жетіпті. Олар келгенде этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбе жаппасы өртеніп жатқан.
"Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.
Оқиға орнына Шымкент қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.