Шымқалада екі бірдей агро-индустриалды аймақ құрылады

847

Ауылшаруашылық өнімінің экспорты 39 млн долларды құрады.

Шымқалада екі бірдей агро-индустриалды аймақ құрылады

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету – басты назарда. Елордада өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр. 

"Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Есепті кезеңде 12,8 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2% артты. Салада экспорт көлемі 39 млн долларды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% өсті", – деді қала басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу