Шымкент аграрлық колледжі ихтиолог мамандарын дайындамақ

3871

Шымкент аграрлық колледжі ихтиолог мамандарын дайындамақ

Еліміздегі ең үздік 10 колледждің қатарына енген Шымкент аграрлық колледжі келер жылдан бастап балық шаруашылғына қажетті ихтиолог мамандарын дайындайды. Бұл туралы оқу орнына ұйымдастырылған пресс турда колледж директоры Кенжехан Төлебаев айтты.
"Алдағы жылы облысымызда 30 шағын су қоймаларының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Оның барлығында балық шаруашылығы дамытылмақ. Оған қажетті мамандар біздің колледжде дайындалады. Қазір оқу орнында осы мамандыққа арналған арнайы оқу өндірістік базаның құрылысы жүріп жатыр", - дейді колледж басшысы.
Жалпы, соңғы екi жылда колледждiң материалдық-техникалық базасы жақсарып, елiмiзге қажеттi техникалық, аграрлық сала мамандарын даярлауда көш бастап тұр. 15 түрлі кәсіп иесін оқытып жатқан Шымкент аграрлық колледжі жанынан былтыр заманауи оқу өндірістік базасы құрылған.Оның құрамына ауыспалы егістік танабы, жүзім алқабы, жылыжай, машина-трактор станциясы мен ветеринарлық клиника кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу