"Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдауға дайындалып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Тоғыс елді мекеніндегі №120 мектепте жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанға 70 мың ауған босқыны келетіні туралы ақпарат тараған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу