Кадрлардан науқастардың, әсіресе кішкентай баласы мен анасының еденде жатқанын байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жайт қоғамда резонанс тудырған болатын. Жергілікті Otyrar басылымының мәліметінше, әкімдік ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталуына байланысты уақытша қиындық туындағанын жасырмайды.
Қазіргі уақытта аурухананың 10 бөлімшесінің 8-і тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қауіпті науқастарды қабылдау тоқтамаған.
– Палаталар 2-4 төсекке есептелген және бөлек жуынатын бөлмелермен, желдету жүйелерімен жабдықталған. Пациенттер жаппай түскен жағдайда санитарлық нормаларға сәйкес дәліздерге уақытша орналастыруға рұқсат етіледі, – дейді әкімдік мамандары.
Негізінен, науқастарды дәлізге уақытша орналастыру – жаппай ауруханаға түсу жағдайында санитарлық талаптарды бұзу болып саналмайды және Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрықтарына сай қабылданған шешім.
Тексерістен санитарлық талаптар мен медициналық этика нормаларының бұзылмағаны анықталып отыр. Науқастар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады әрі тәуір болғандары емді үй жағдайында жалғастырады.
Әкімдік сөзінше, эпидемиологиялық жағдай әркез бақылауда. Медицина қызметкерлер де белгіленген стандарттарға сай жұмыс істеп жатыр.