Шымкент әкімдігі инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермеген

214

Инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды және Шымкент қаласы прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Шымкент әкімдігі инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермеген Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы инвестордың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, бір жыл бойы инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесіне келісімін бермеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторға жер учаскесін беру мәселесі келісілді, кінәлі тұлға жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу