Шымкент әкімдігі маңызды үндеу жасады

190

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде және WhatsApp-та әкімнің, оның орынбасарлары мен басқарма басшыларының атынан ақпарат таратылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Шымкент әкімдігі маңызды үндеу жасады Фото: vera.kz

2024 жылғы 11 маусымда Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына жүгінді. Ведомство таратылып жатқан хабарламалар "жалған ақпарат" екенін атап өтті.

"Ақпаратты интернет-алаяқтар жіберуде. Өтініш жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеңіздер, қаражат аудармаңыздар, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз", делінген Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, қала басшысы мен оның орынбасарлары, басқарма басшылары барлық хабарламаларды тек жеке телефондар мен ресми аккаунттардан жіберетіні айтылған.

"Егер сіз қоңырау немесе фотосурет хабарын алсаңыз, бірақ ол жасырын нөмірден болса, елемеуіңізді сұраймыз. Сізді мұқият болуға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Түсінгеніңіз үшін рахмет!", делінген Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу