Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады

1164

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған жайттың Әбдешовтің Шымкенттегі қызметіне еш қатысы жоқ.    

Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады Фото: vera.kz

Тұтқындау Әбдешовтің осыған дейін атқарған жұмысына байланысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының әкімдігі сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің құзырлы органдар тарапынан ұсталғанын растады.

– Әлеуметтік желіде тарап жатқан сондай ақпараттың бар екенін растаймыз. Бұл ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі, Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейінгі орындаған жұмыстарына қатысты екенін мәлімдейміз. Құзырлы органдар тарапынан ол кісінің бұрыңғы атқарған қызметіне қатысты сауалдар туындағаны, соған қатысты мәселе туындағаны рас, – деп мәлімдеді Сәрсен Құранбек.

Бұдан бір апта бұрын Шымкентте сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу