Шымкент әкімі Бозарық станциясының мәселесі шешілетінін айтты

1063

Шымкент әкімі Бозарық станциясының мәселесі шешілетінін айтты

Шымкент қаласы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде шаһардағы қосалқы станцияның жайы да сөз болды. Нұрлан Сауранбаев Бозарық қосалқы станциясының мәселесі шешілетінін айтты, деп хабарлайды shymkent.gov.kz.

Қосалқы станцияның құрылысын бұған дейін жүргізген мердігер компания өз міндетін орындамағандықтан, Жоғарғы сот шешімімен жосықсыз деп танылды. Жақын арада тағы конкурс ұйымдастырылып, мердігер анықталатын болады. Бозарық станциясы іске қосылғаннан кейін Астана-1,2 қосалқы станцияларының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігі сапалы электр желісімен қамтылатын болады.

Бұған қоса Шымкентте жеке трансформаторлар мәселесі де шешіледі. Ал 5950 абонент сапалы электр желісіне қосылады. Биыл Самал-1, Тассай, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қайтпас-1 және Нұртас шағынаудандарына электр желісін тарту жоспарлануда. Сонымен қатар тұрғындардың өз есебінен орнатқан жекеменшік трансформаторлары бүгінгі таңда өзекті мәселе болып тұр. Электр қуатының сапасы төмен, тарифі жоғары екенін айтуда. Бұл мәселе "Оңтүстік жарық транзит" ЖСШ-мен бірлесе шешілетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу