Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастырып жатыр - әкімдік

466

Желіде Шымкент қаласының басшысы ауысатыны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастырып жатыр - әкімдік Фото: gov.kz

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі осы жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу