Шымкенттің әкімі өзгерді

1646

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Шымкенттің әкімі өзгерді

Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген.

Жұмыс тәжірибесі: 

М.Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша "Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы" және заңтану.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.                                    

2017-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары;

2019 жылғы желтоқсаннан бері Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу