Шымкент әкімі тергеу кезінде қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

15164

Жігіт өлімінің нақты себебін анықтау үшін Ішкі істер министрлігі комиссия жіберді.

Шымкент әкімі тергеу кезінде қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 8 желтоқсанында сағат 17:00-де бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікке ілінген 1990 жылы туған ер адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Оған жедел жәрдем шақырылды. Алайда күдікті дәрігерлер келгенше есінен танып, қайтыс болған.

Әкімнің айтуынша, іс бақылауда. Сараптамадан кейін мамандар азаматтың өлімінің себебін анықтауы керек. Сондай-ақ әкім Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық атқару жүйесі орындарына бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу