"Шымкент" ӘКК лауазымды тұлғалары ақша жымқырды деген күдікке ілінді

543

Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

"Шымкент" ӘКК лауазымды тұлғалары ақша жымқырды деген күдікке ілінді Фото: Егемен Қазақстан

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

"Қалалық мемлекеттік ішкі аудит департаменті аудиторының қорытындысы бойынша келтірілген залал сомасы – 68 млн 800 мың теңге. Тергеу амалдары жалғасуда", - делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу