Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

429

24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелді. 

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді Фото: gov.kz

Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олар әуелде аппараттың көмегімен тыныс алып, жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды.

Білікті медицина қызметкерлерінің ем-шараларынан кейін нәрестелер салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір жас ананың да сәбилердің де жағдайы жақсы, перзентханадан үйлеріне шығарылды.

Шымкент қаласында туу көрсеткіші артып келеді. Осы жылдың басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу