Шымкент алюминий қалбыр өндіруден көш бастамақ

957

Шаһарда Орта Азиядағы тұңғыш зауыт құрылысы басталды.  

Шымкент алюминий қалбыр өндіруден көш бастамақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 8 қазанда Шымкентте жылына 750 млн дана қалбыр өндірілетін зауыт құрылысы басталғанын хабарлады. "KazAlPack" компаниясы жеңіл металдардан жасалған қаптама өндіру бойынша Орта Азиядағы тұңғыш зауыт болмақ. 

Жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Зауытқа салынатын инвестиция мөлшері 23,4 млрд теңге. 

"Жылына көлемі 450 мл болатын 750 млн алюминий қалбыр және сусындар үшін қақпақтар өндіру жоспарлануда. Жобада осындай заттарды жасайтын әлемдік көшбасшы – "Stolle Machinery" (АҚШ) компаниясының ең заманауи технологиясы қолданылады", – деп жазылған хабарламада. 

Зауыт импортты алмастыратын өнім шығарады және отандық тамақ өнеркәсібінің  қажеттілігін 75%-ын өтеуге мүмкіндік береді. Шығарылатын жалпы көлемнің 10% өнімін экспорттау болжануда. Бұған қоса зауытта 170 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Ауданы 22 мың шаршы метр болатын кәсіпорында ұзындығы 800 метр өндірістік желі орналастырылады. Зауытты 2021 жылдың аяғында іске қосу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу