Шымкент, Астана, Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі орын алады

Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам шақырту келіп түсті. Оның дені аталған өңір тұрғындарынан. 

Шымкент, Астана, Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі орын алады Фото: Жайық пресс

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, отбасы тыныштығы – қоғамның тұрақтылығы. Бүгінде жәбірленушілер мұндай фактілер туралы жиі хабарлай бастады. Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам дабыл келіп түсті", – деді министр.

Ведомство басшысы олардың көпшілігі қай өңірде орын алғанын атады.

"Көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған. Бірақ, жартысынан астамы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмады. Өйткені полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. Олардың көлемі 62 пайызды құрады", – деді Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу