Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесі бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ұрлықты ізін суытпай ашты, жазады inbusiness.kz сайты.
Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды.
Алдын ала мәліметке сәйкес күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жолаушының салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, олар ұсталды.
Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.
Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу