Шымкент әуежайы қазақстандық инвесторға беріледі

282

Бүгін бұл әуежайдың 2026 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына енгізілмейтіні мәлім болды. 

Шымкент әуежайы қазақстандық инвесторға беріледі Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент әуежайы неліктен сауда-саттықтан алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шымкент әуежайы инвесторды тарту үшін сауда-саттықтан шығарылды. Яғни, жекешелендіруге емес, нақты инвестордың қарамағына беріледі. Қазір біз нақты инвестор туралы айтып отырмыз", - деп мәлімдеді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар, Көлік министрі Шымкент әуежайының маңында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатқанын түсіндірді.

"Қазір біз әуежайды нақты отандық инвесторға беру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сонда бәрі бір кешенде болады", - деп қосты Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу