Шымкент әуежайы күндізгі рейстерді қабылдамайды

336

Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді.  

Шымкент әуежайы күндізгі рейстерді қабылдамайды Фото: ernur.kz

Осы уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.

Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала баруы керек.

"Ал кептеліс болмас үшін көліктеріңізді жаңа терминалдың тұрағына қалдырыңыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу